Әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі Ескендір Хасанғалиевті еске алу кешіне қатысқан сәттегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, композитордың жарының көңілінің босағаны қатты әсер еткен.
«Кеше Астанада Қазақстан композиторларының ішінде шоқтығы биігі,ескірмейтін есті әндердің авторы,аңыз адам Ескендір Хасанғалиев ағамызды еске алу кеші өтті. Кешті Біржан Хасанғалиев ұйымдастырды.
Мен ағаның «Халқым туралы ән» және «Күрсінбеші» атты екі әнін орындадым. «Күрсінбешіні» орындаған кезімде алдыңғы қатарда отырған Дәрико жеңгеміздің көңілі босағанда,өзім де көз жасыма ерік бердім. Күрсінбеңіз…Күрсінбейік…», — деп жазды ол.