пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«40 күн отырғаным аз ба»: Төреғали Төреәлі суретке түскісі келген тыңдармандарымен әзілдесті

Әнші Төреғали Төреәлі Қазақстан қалаларын аралап, ән кешін өткізуде. Кезекті бір концертінде өнер иесі өзімен суретке түскісі келген тыңдармандарымен әзілдесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/toregalitoreali
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Сахнада суретке түсетін тыңдармандарын күтіп отырған әнші 40 күн абақтыда отырғанын айта кетті.

«Суретке түсеміз. Мен мына жерде ұзақ отырып қалмадым ба? 40 күн отырғаным аз ба менің? Концерт енді басталды. Суретке әлі түсеміз», — деді Төреғали видеода.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған.

Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген.

Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған.

Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 2