пятница, 18 апреля 2025 г.
icon
523.2
icon
594.3
icon
6.38
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
3oC
×

Жүнісова концертіне жиналған жұртты күлкіге қарық қылды

Қазақстанының Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматыда жеке концертін өткізді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

kyn.kz порталы мәлімдегендей, әнші Мақпал Жүнісова қашанда өз тыңдармандары алдында қарапайым.

Өзі жайлы әзілдері тыңдарманын қашан да күлкіге қарық қылады.

Бұл жолы өз концертінде оператор жігіттерге өтінішін халық алдында айтқан Жүнісова жұртты ду күлкіге қарық қылды.

«Теледидарға табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңдер. Базарға жиі барам. Сол жерде «Қандай әдемі келіншексіз? Теледидардан қарасақ, жардай боп, семіріп тұрасыз» дейді.

Баяғыда Зәкең де «Менің әйелім «нормальный» сияқты еді. Теледидардан көрсем, танымай қаламын» деп айтатын.Сондықтан құрметті, концертті түсіріп тұрған жігіттер! Мені бір сағатқа болса да, өз әйеліңіздей жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін», — деді Мақпал Жүнісова.

Что думаете об этом?
Нравится 35
Мне все равно 3
Забавно 3
Сочувствую 4
Возмутительно 1