вторник, 21 мая 2024 г.
icon
443.72
icon
482.28
icon
4.9
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

«Иманғали Тасмағамбетов қызметтік ұшағын берді»: Айгүл Елшібаева Парижде өткен ақындар айтысынан естелік бөлісті

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева осыдан 16 жыл бұрын Франция барған сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01
Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01

Европада демеуші болған ағалардың арқасында қазақ айтысы өткен.

«2008 жыл. Ақындар айтысы. Айтыстың жанашыр қарагері, айтысты өрге сүйреп шайтанның да тілін тапқан менеджері Жүрсін Ерманов ағамыз, ақын ,әнші, жыршысын қосып, Парижде ақындар айтысын жасаған кез. Түркия, Голландия, Австрия, Англиядағы қазақтар айтысты көруге арнайы келді. Францияны бір шулатқан кезіміз.

Сол кездегі мецанттар Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсенов демеуші болып, қаражатын көтеріп, Иманғали Тасмағанбетов қызметтік ұшағын беріп, барып қайтқанбыз. Франция. Париж. Мулин Ружда. Мулен Руждың әншілерінің концертінде, біздікіндей киіммен ән салмайды екен», — деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары ең керемет сәт деп бағалап, сүйікті айтыскер ақындарын қазіргі өмірімен салыстырып үлгерді.

«Жап-жас болып тұрсыздар», «Айнұрдың осы кезі қандай әдемі», «Айтыстан абырой жинап, ахи болып кетті», «Жандарбек ең кішкентай екен», «Бәрі ақшаның соңына кетті. Ақындық жолда қалды», — деп жазып жатыр оқырман қауым.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 0