Ауылда жүрген танымал әнші, МузАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиевтің видеосы жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Ауылда өстім, шаңына аунап, еркелеп...Кенжебектің ауылдағы қара шаңырағында. Сен Шумен ойнаған екенсің. Бізде сенсорный ғой. Қолдың әсерінен істей береді», — дейді ол.
Видеода Сәкен Майғазиев бұрынғы қол жуғышты көрсетеді. Сондай-ақ, балалар мен келіндердің сәлемін алған өнер иесі жұрттың ықыласына бөленді.
«Сәкеннің, Кенжебектің қарапайымдылығына ризамын», «Не деген қарапайымдылық, Сәкен аға», "Қара шаңыраққа ештеңе жетпейді. Ниеттерің қабыл, мұраттарың асыл болсын. Америкада тұрсаң да келіп сәлем беретін жерің. Аман болыңдар. Керемет көрініс», «Қазақтың қарапайым жігіттері», «Ағамыз әр баланың маңдайынан сүйіп шықты, тек жақсыны көреді», — деп жазған Желі қолданушылары.