пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

Туған күнінде құрбыларына көк орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды

Әнші Қарақат Әбілдина кеше 46 жасқа толды. Әнші туған күнінде Германияда болған болатын. Әнші елге оралғаннан кейін құрбы-достарына шағын дастарқан жайып, туған күнін атап өтті,  деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

«Достар, менің туған күнім әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш осындай жақсы адамдардың ықылас-ниеті, тілегінен туындады. «Биыл туған күніңде шетелде болдың, құттықтай алмадық» деп сыйлығын үйге жіберген, қайда жүрсем де ықылас-ниетін білдіріп жүрген жақын адамдарымның басын бір қосайын деп осындай шағын отырыс ұйымдастырып жатырмын. Көтермесек көңілді кір басады дейді. Елдегі жағдай реттеліп жатқан сыңайлы. Алла өзі жар болсын», — деді әнші инстаграмдағы сторисінде.

Қарақат Әбілдина құрбыларына қарақат жемісі бейнеленген көк орамалдар сыйға тартты. 

«Әдемі, жарасымды, иә? Бүгінгі кеш үшін, ықылас-ниеттерің үшін рақмет алтындарым!» — деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары орамалдың түсіне мән беріп, әншінің көк түсті таңдағанын сынға алды.

«Қазақ дәстүрін білетін Қарақат қазақ әйелдеріне көк орамал жапқаның дұрыс болмады. Қазақ әйелдері ешқашан көк жабылмасын», «Көк түсті баласы қайтқан әйелдер тартады. Әлі есімде бала кезімде көрші апаның ұлы кайтыс болды, ол заманда көк бояуға бояп тартқанын көргенмін. Содан бері көк орамалды жаман көремін», «Әрине орамал әдемі, бірақ түсі өте жаман», «Орамал жапқаныңыз дұрыс шығар, бірақ көк түсті қазақ әйелі басына салмаған. Алла сақтасын! Қазақтың ырым-тыйымдары текке айтылмаған», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 1