Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы желіде жаңа видео жариялап, жазбасымен елді ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің отбасылық өмірін қызу талқыға салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Нұртас Instagram парақшасында табиға аясында серуендеп жүрген видеосын жариялап, ел назарын өзіне аударды. Өнер иесі бейнежазбаның астына жазба қалдырды.
«Сүріндім деп жасыма. Мықтымын деп тасыма», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесінің жазбасын бірден қызу талқылап, оның отбасын сөз етті.
«Тым жақсы баланың миын ашытып қойды. Қайта әйелі берекесін кіргізіп, бір жағында жүрсе ғой», «Сүріндім деп жасыма, мықтымын деп тасыма. Одан да сен барсаңшы, отбасыңның қасына», «Келіншегі екеуіне не болды? Екі бөлек жүреді үнемі», «Баска әншілер сияқты отбасыңнын касында неге бірге жүрмейсің», «Қайрат қиял әлемінде жүр», — деп жазуда көпшілік.