пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті

Қыран Талапбек пен актриса Гүлзада Тұрлаш отбасылық өмірлері жайлы «DS show» бағдарламасында айтып берді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/kyran_talapbek
Фото: instagram.com/kyran_talapbek

Stan.kz-тің мәліметі бойынша, актриса Гүлзада Тұрлаш жолдасының сыйлаған қымбат сыйлықтарын жиі көрсетіп жүр.

«Мен қазір өзім армандаған өмірді сүріп жатырмын. Бірақ мұның материалдық жағдайға қатысы жоқ. Мен Қыранға тұрмысқа шықпай тұрып-ақ бақуат өмір сүргенмін. Ал қазір рухани тұрғыда бақыттымын. Меніңше, әр қыз өзін сыйлайтын, сүйетін, қолдайтын жігітке тұрмысқа шығуды армандайтын шығар. Бұл тұрғыда менің арманым орындалды. ...Күйеуің апта сайын қымбат бағалы, бренд әшекей сыйлау үшін ең алдымен Құдайға шүкіршілік айтуды ұмытпау керек. Сосын сол сыйлықты берген адамға алғысыңды жаудырасың. Мейлі, ол тіпті кішкентай нәрсе болса да, шын жүректен қуана білу керек. Мәселен, Қыран екеуміз кездесіп жүргенде ол маған кәдімгі түймедақ гүлін алып келетін. Одан басқа ештеңе берген емес. Басында оған қатты ашуланатынмын, «қандай жігіт мынау» деп көңілім түсіп кететін. Бірақ кейін бәрін түзеуге болатынын түсіндім. Ал қазір апта сайын қымбат сыйлық алып тұрамын»,  —  деді актриса.

Әйелінің сөзін мобилограф та растап, оны қуанту үшін жұмыс істейтінін жасырмады.

«Неге мен әйеліме апта сайын қымбат сыйлық беремін? Өйткені ол не берсем де, шын жүрекпен қуанады, алғысын айтып, қабылдайды. Оның сол қуанған эмоциясын көру маған энергия береді. Соны көру үшін әрекет етемін, жұмыс істеймін. Еркектер ондайдан күш-қуат алады»,  —  деді белгілі мобилограф.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0