Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
Халыққа Бүркіт атымен танылған әнші Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында әкесімен бірге түскен видео жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: видеодан кадр
Отандық эстрада жұлдызы аталған видеоны жазбамен толықтырды.
«Жұма мүбәрак. Ниеттеріңіз қабыл болсын», — деді ол.
Мұны көрген көпшілік әншінің әкесіне ұзақ ғұмыр тілеп, жағымды пікір жазып қалдырды.
«Ата-анаңды алақаныңа салып мәпелеп отырсың. Бала болса, сендей болсын, көпке үлгісің. Келін де сондай тамаша жан», «Қарап отырып жылаймын»,«Мейрімді ұл екеніңіз көрініп тұр», «Мықтап ұста әкеңді, ол қартайды», «Ата-анамых аман болсын», «Алла разы болсын», — деп жазды жұрт.
Что думаете об этом?
Нравится
2
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0