Әнші Қайрат Нұртас пен Мадина Сәдуақасованың құшақтасып түскен бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып, желі қолданушылары өнер иелерін сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншілердің әрекетін желі қолданушылары қызу талқыға салды.
«Мадина қызымыз не болып кеткен», «Екеуі құрдас емес қой, Мадина үлкен әйел», «Мадина Сәкенді қойып, Қайратқа көшкен бе», «Мадина бұзылыпты ғой», «Бұларда ұят деген нәрсе жоқ», «ұят енді мынау», «өңкей алаяқ арсыздар», «әнші деп айтуға келмейді», - деп жазды олар.