четверг, 21 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
0oC
×

«Абай қазақты жаман қылып көрсете берген»: Құралай ханым ақынның өлеңдерін сынға алды

Белгілі психолог, коуч Құралай ханым лақап есімімен танымал Құралай Ошақбаева Абай Құнанбаевтың өлеңдерін сынға алды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Фото: Caravan.kz
Фото: Caravan.kz

Блогердің айтуынша, Абай өлеңдеріне қазақтың тек жаман қасиеттерді, олқы мінезін арқау еткен екен.

«Сынға үйреніп қалдым, иммунитет қалыптасты. Бірақ, қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның «Абай жұмбағы» деген мақаласын оқыдым. Сол жерде совет үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты «Самобичивание» дейді ғой, ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың деген секілді қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, қазақ жалқау, қазақ ұйқыбас, мақтаншақ деген секілд. Қазір соған қоғам соны жаттап өскен. Ал, мен 10 жыл бойы инстаграмда мақтанғым келеді, қазақтарды мақтағым келеді», — дейді психолог.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0