понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Намыстанып, дәретханаға барып жыладым»: Айгерім Сейфолла студент кезін еске алды

Танымал журналист, тележүргізуші Айгерім Сейфолла әлеуметтік желідегі парақшасында студент кезін еске алып, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: instagram.com/aigerim_seifolla
Фото: instagram.com/aigerim_seifolla

Оның айтуынша, 1,2 курс студенті кезінде жұпыны киінген, жалғыз қара шалбарын тастамай киіп жүрген.

«Бүтін киім киген сайын жыртық қара шалбарым есіме түседі. 1,2 курста жұпыны киіндім. Қара шалбарым болатын өзі сапалы, қанша жусаң да не түсі кетпейді не формасын жоғалтпайтын. Соны шешпей киемін деп ақыры жыртылып тынды. Оның тесіліп қалғанын мен сырттай ұнатып жүрген жігіт айтқанда ұялғаннан бетім өртеніп кете жаздаған. Сол күн есімде. Баспалдақпен асыға 4 қабатқа көтеріліп бара жатқам. Қара шалбарыма үйлестіріп ақ жейде киіп алғам. Қырсыққанда ана жігіт шалбардың тоз-тоз боп жыртылғанын байқаған ғой. Әлде маған жаны ашыды ма әйтеуір кеп айтты. Содан дәретханаға жүгіріп барып, намыстанып жыладым.

«Студент болсам да жұмысқа тұрып ақша табам, сықиып киінетін болам» деп сөз бердім өзіме. Көп ұзамай жаңадан ашылған қалалық телеарнаға жұмысқа тұрып, бірден таңғы эфирде жүргізуші-редактор болдым. Сол 2003 жылы менің жалақым 45 мың теңге болды. Жалақыға қосымша сұлулық салоны келбетімізді әдеміледі, ал бутиктер ең әдемі киімдерін ұсынды.Әр жалақымды алған сайын киінетінмін. Қара шалбардың орнын солай толтыруға тырыстым. Қазір де әр киімді алған сайын кім болғанымды, өткен жолымды есіме алып отырамын. Айтпақшы ең қызығы, ана жігіт мені де ұнатыпты. Мен танымал жүргізуші болғанда бірақ айтты ғой сезімін. Кешігіп қалды…» - деп жазды тележүргізуші.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0