суббота, 27 июля 2024 г.
icon
474.72
icon
515.17
icon
5.58
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

«Құны – 2 млн теңге»: Мадина Сәдуақасова жүзігін тыңдарманына сыйлады

«Құрмет» орденінің иегері, танымал әнші Мадина Сәдуақасова Ақтөбе қаласына ән сапармен барып, қызық оқиғаға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Айта кетейік, Ақтөбе қаласының құрылғанына 155 жыл толуына орай өнер иелері концерт қойды.

«Ақтөбе халқының ауызбіршілігі, мықтылығы таң қалдырады мені. Өнерді қалай сүйеді, өнер адамдарын қалай қолдайды?!

Алаңға 60 мыңнан астам халық жиналып, «Ақтөбе»футбол клубын қолдап, «Зига -зага, зига-зага» деп ұрандатқанда бұл не деген күш, энергия , бірлік дедім! Кез келген сынақ пен қиындықты жеңе алатын, болашаққа үлкен сеніммен, «Тек алға!» деп баса беретін халық екеніне көзім тағы жетті. Мерекеңмен, Ақтөбем! Ризамын саған! Қазақ халқының күші әрқашанда бірлікте!» — деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ, концерт соңында өнер иесінің сақинасын жергілікті тұрғын қағып алғаны әлеуметтік желіде тарады. Видеодан тыңдарманның эстрада жұлдызының сақинасын тағып алғанын көруге болады. Бейнежазба авторының айтуынша, бұйым 2 млн теңге тұрады.

«Сақинаны қағып алған жас әнші қыз болып шықты», — деп жазды әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1