пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізген емшіге қатысты жаңа дерек шықты

Журналист Гүлмира Әбіқай «асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізіп, аттың ауыздығымен асырандыларды төпелеп ұрғаны, үйінде құл мен күн ретінде ұстағаны» хабарланған емшіге қатысты жаңа дерек бөлісті. Оқырманы журналистке емші, бақсыға қатысты тың дерек айтқан, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында республикалық арналар «Әруақты емші» деген желеумен дүркін-дүркін хабарлар жасады.

Ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Нақты жасы 51-де. Әжесінің айтуынша, бала кезде кешкісін Бадам өзенінің жағасында ұйықтап қалған, содан ауытқу басталды. Көрші-қолаң мазақтап күліп, ата-әжесі «баламыздың өз әлемі бар» деп қорғаштайды. Есейе келе ауытқуы асқынып, психдиспансерде емделгені рас. Кейін «әруақ қонды» деп арқасы қозып, өздігінен сағаттап сөйлей бастайды. Өзі де зікір оқып, қамшымен дем саламын деп жүрді. Арасында қазақ-араб университетін оқыдым деген, 2010-шы жылдары Отырар колледжінде музыкадан сабақ та берген. Кейін үйленіп, мал бағып, малды-жанды болып тұрмысы көтерілді. Индира жеңгеміз біртоға, жуас, тек бала көтере алмады. Ұлықбек ағам екеуі әжемді өле-өлгенше бағып қарады», - хабарлады журналистің оқырманы.

Кейіннен оқырманы психиатриялық ауруханада есепте тұрған емшінің 6 баланы асырап алуына жол бергендерге күйінеді:

Ол психбольницада учетта тұрса, асырауға 6 баланы кім берді, неге берді, неге тексермеген? Бұл үйде 6 бала барын біз, тіптен, білмедік. Әлде жүйке ауытқуын біліп, бауырымызды біреу подставить етті ме екен? Ақшаға мұқтаж емес, мал-жаны бар адам. Өмір бақи қараусыз мысық-күшікті жағалап, артынан шұрқыратып тамақ беріп жүретін. Егер, 4 жыл бойы 6 балаға ақша алып келсе, оны қайда, кім жұмсады екен? Сауал көп, жауап жоқ.

Сонымен қатар, журналист еркектің қазір психоневрологиялық диспансерге жатқызылғанын жазды. 16-жастағы ұл мен қыздың Шымкент қалалық қиын жағдайға түскен балаларды бейімдеу орталығына орналасқанын,қалған 4 баланың (кішісі 4-те) бөбектер үйіне орналастырылғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, осы жылдар бойы бұл отбасындағы балалар ұл емес, күң болған.

Балалар үйіне 2017 жылы 9 жасында келген Алеша есімді ұл балалар үйіне қайта оралғысы келетінін айтқан. Ол бұл өтінішті тәрбиешісіне бірнеше рет қайталаған. Себебі, қамқоршылық органың оның бұл өтінішін ұмытып кете ме деп алаңдаған. Сондай-ақ ол анасымен кездесуді армандайды екен.

Үлкен ұлдарынан кейін бір қыз, кейін егіз бала мен тағы екі ұлды асырап алған. Балаларды Алматы, Астана және Өскеменнен алып кеткен. Ең кішілері үш-төрт жаста. Балалардың құқықтарын қорғау міндеті жүктелген шенеуніктерді неліктен ерлі-зайыптыларға көп бала асырап алғаны, оларды қалай тәрбиелейтіні және олардың емдеуімен оңалтуымен қалай айналысатыны қызықтырмаған.

«Мен оларды аядым, олар кішкентай еді. Бізге тамақ берген кезде мен оларды да тамақтандырдым. Біз иттің етін жедік. Кейде мал өлген кезде бізге жеуге беретін. Бәріміз бір бөлмеде еденде жаттық. Суық болды, әрі қарнымыз аш болды. Тамақ жегіміз келетін. Түнде оятатын, сосын малдың соңынан кететінмін», - дейді үлкені інілері мен қарындасы туралы.

Алеша 16 жасқа толған туған күнін Шымкенттегі кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында, небәрі бес жастағы інісімен бірге қарсы алған. Жігіт әлі жеке куәлігін алған жоқ, өйткені ол асырап алған әкесі қойған есімін өзгертуі керек.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 7