пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Айжаннан келін шықпайды дегендер қайда?»: Атышулы блогер енесін риза қылды

Елімізге белгілі блогер әрі кәсіпкер Айжан Байзақова енесін туған күнімен құттықтап, тосынсый жасады. Желі жұлдызы күйеуінің анасына ерекше сыйлық тарту еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/bayzakova
Фото: instagram.com/bayzakova

Айжан Байзақова енесін туған күнімен қалай құттықтағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Видеода блогер ару күйеуі және үлкен ұлымен бірге әндетіп, торт тарту еткенін көруге болады. Желі жұлдызы күйеуінің анасына пластикалық отаға сертификат сыйлаған.

«Бүгін менің сүйікті енемнің туған күні. Біз қандай сыйлық берерімізді білмей ұзақ ойландық. Анамызға ең жақсысын таңдадық. Енді ол мықты қазақстандық хирургке барып, бұдан да әдемі болады», — деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылары блогердің енесіне деген асқан сыйластығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді.

«Міне нағыз келін деп осыны айт. Сыйластығы қандай»; «Айжанның біріншісі баласын өз немересіндей көреді екен. Қандай ақылды әйел»; «Айжаннан жақсы келін шықпайды дегендер қайдасыңдар? Жарайсың, күйеуіңнің анасы қашанда сыйластыққа ие болу керек»; «Ерекше сыйлық сыйлапсыздар»; «Бұл арзан сыйлық емес», — деп жазуда көпшілік.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0