суббота, 5 октября 2024 г.
icon
481.84
icon
531.33
icon
5.07
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
12oC
×

Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Ақын, айтыстың абызы Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды. Танымал әнші Ұланғасыр Қами ақынның шаңырағында түсірілген сурет жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото: Instagram/@ulangasyrqamiev
Фото: Instagram/@ulangasyrqamiev

«Қазақ айтысының президенті Жүрсін Ерман атамыздың үйінде қонақ болдық. Бірі білсе, бірі білмес менің айтыстан шыққанымды», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары айтыстың абызына денсаулық тіледі.

«Бақытжамал апаның дастарханы әрқашан жайнап тұрады. Ұлы тұлғаның жары болу да оңай емес», «Қазақ елінің тарландары жиналған екен айтыс ұйымының президенті Жүрсін ағаның жанында. Айтыс деген керемет өнер иелерінің әлемі. Жүрсін ағамыз жүз жасасын», «Аңыз атамызға Алла шипа бергей», «Үлкен адамдарды ескеріп барып тұрған дұрыс! Қартайғанда шетте, ескерусіз қалған қиын тиеді!» — деді олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 3
Возмутительно 0