Нұрлан имам теңгерімінде көлемді қаржы жинақталғанынан бейхабар болған. Енді қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Әлеуметтік желіде имамның мобилограф Қыран Талапбекпен бірге отырған видеосы жарияланды.Танымал блогер оның TikTok теңгерімін тексеріп, көлемді қаражат жинақталғанын айтады. Имамның өзі бұл ақшадан бейхабар болған.
«Сәлем, достар. Қазір Нұрлан имаммен бірге отырмын. Бұл кісі Tiktok желісі тікелей эфирде көрермендері берген сыйлық үшін ақша алуға болатынын білмепті. Қарасам, теңгерімінде 2 мың АҚШ доллары бар ғой», - дейді Қыран Талапбек.
Дін өкілі өз кезегінде жинақталған қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.
«Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге, Ұмраға, қажылыққа жолдама ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын», - деп имам өз парақшасында жазған.