Отандық эстрада жұлдызы Қуандық Рахым анасын туған күнімен құттықтап, видео жариялады. Ол көпшілікке анасы мен өзінің мұрағаттық суреттерін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі ақ лебізін Instagram желісінде білдірді.
«Мамау, туған күніңізбен!» — деп қысқа қайырды ол.
Ал мұны көрген көпшілік эстрада жұлдызына оң пікір жазып қалдырды.
«Анамыздың жасы ұзақ болсын», «Туған күні құтты болсын, ғүмыр жасы ұзақ болсын», «Анаңыз аман болсын», «Құттықтаймыз», «Жүзге келсін», — деп жазды олар.
Еске сала кетейік, осыған дейін Аиша күйеуі Бүркітті туған күнімен құттықтап, ақ тілегін айтқан еді.