пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-1oC
×

Вадим Беляев: «Біз қазақпыз ғой, жылқылар – біздің байлығымыз»

Вадим Беляев «Көкпар» ойыны өтіп жатқан алаңға келіп, qazaqstan.tv арнасына жылқы жануарына деген ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: бейнеден алынған кадр
Фото: бейнеден алынған кадр

Вадим өзінің анасы және жұбайымен қарақат теруге келген. Жидектерді жинап жүргенде «Көкпар» ойынын көзі шалып қалған. Ат спорты ойынын қызыға тамашалаған көрермен жылқыға қатысты өз пікірін білдірді.

«Әйеліммен, анаммен бірге қарақат теруге келгенбіз. Кейін жылқыларды көріп, осында келдік. Біз қазақпыз ғой. Жылқылар - біздің байлығымыз. Өзімнің де ат баптағым келеді», – дейді тұрғын.

Жидектерді қалдырып, ойын барысын тамашалаған Вадим соңғы жылдары қазақтың ұлттық ойындары қолданыстан шығып бара жатқанын да тілге тиек етті.

«Кейінгі жылдары асық ату, қыз қуу, көкпар сияқты ұлттық ойындарымыз ұмытылып барады. Ол ойындар әркімді шапшаңдыққа, ептілікке шыңдайды ғой», – дейді Вадим Беляев.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0