Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Зейінмен түскен бейнені жариялады. Танымал әншінің оқырмандары таңқалып, жарыса пікір қалдыруда, деп хабарлайды «ИА NewTimes.kz».
Бейнероликте отандық жұлдыз алғашқыда Жапония мен Въетнамның, кейін Кореяның, Европа мен Қазақстанның туларын сұрады. Әли Оқаповтың ұлы барлығын дұрыс тауып көрсетті.
Желі қолданушылары баланың зеректігіне таңқалып, ақылына сүйсінгендерін жасырмайды.
«Вундеркинд бала болайын деп тұр», «Атына заты сай балапан», «Зейін ақылды, жарайсың», Ақылды жігіт», «Зейіннің зейіні ашыла берсін», «Зейіннен қатты ұялып тұрмын, Қазақстаннан басқа ешқандай ту білмеймін», – деп оқырмандар пікір қалдыруда.