пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Танымал актриса өзінің ана атанғанын алғаш рет растады

Отандық жұлдыз Гүлназ Жоланова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сәбилі болғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz
Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Танымал актрисаның балалы болғаны жайлы белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова жария еткен. Дегенмен өнер иесі осы күнге дейін өзі ешқандай мәлімдеме жасамаған.

Бұған дейін танымал актриса баласы жайлы сөз қозғамаған. Бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен ана болғаны жайлы бөлісті. Оның өткен жылдың тамыз айында тұңғышын дүниеге әкелгені анықталды.

«Менің ең сүйікті айым тамыз да келіп жетті. Мен тамыз айын мен асыға күтемін. Менің өмірімді түбегейлі өзгерткен ай. Себебі тамыз айында мен ана атандым», – деп жазған. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0