Танымал қазақстандық әзілкеш Қайрат Әділгерей Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке қолдау білдірді, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің өзінің құрметіне ұйымдастырылған кеште анасымен қол ұстасып шыққан видеосы тараған еді.
Блогер Роза Әшірбаева Сметовтің әйелімен емес анасымен қол ұстасып шығуын сынады.
«Бүкіл Қазақстан Бишімбаевты жерден алып, жерге салып жатқанда жалғыз анасы ғана қорғады. «Ол – менің балам. Қорғануға толық құқығы бар» деді. Тек қана Бишімбаевтың жағында анасы ғана қалды. Осыдан-ақ білуге болады. Алладан кейінгі ең мейірімі шексіз адам, ол – ана. Бітті. Ол талқыланбауы керек. Сенің 30-40 жылдан бергі қойныңдағы қатының бір күнде сатып жібереді. Жақсы көрмей қалуы мүмкін, сенен кетіп қалуы мүмкін, тіпті соттасуы да мүмкін. Балаларын алып кетіп, көрсеткізбей де қояды. Міне, ана қандай жағдай болса да, баласын қорғайды. Анадан ондай жамандық күтпейсің. Өйткені, ол – ана», – деді әзілкеш әлеуметтік желіде.