пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Шын тудың ба?»: блогер 50 жасында қызды болған Баян Мақсатқызын құттықтады

Елу жасында төртінші рет ана атанған продюсер Баян Мақсатқызын блогер Мөлдір Анарбаева ерекше құттықтады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Блогер 15 күн бұрын ғана үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызының тағы да ана болғанына таңданысын жасыра алмады.

«Не дейміз?! Баяшка, жарайсыз. Күнара туасыз. Шетелден келетін ешкілерден де озды. Олар жылына төрт рет туады деп естіп едік. Миым жетпей отыр. Оның үстіне орысшамды да білесің. Кеше ғана туып едің, бүгін тағы да туып отырсың. Шын тудың ба, әлде атын ауыстырдың ба?! Ертең ұл ұстап отырмашы. Не болса да, аман болсын! Дені сау ұрпақ өссін! Обалы не керек, Баян өзіме ұнайды», — деп жазды Мөлдір Анарбаева.

Айта кетейік, отандық танымал продюсер тағы да бір мәрте ана атанғанын айтқан болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 0
Возмутительно 0