пятница, 20 сентября 2024 г.
icon
478.93
icon
534.96
icon
5.16
Алматы:
icon
27oC
Астана:
icon
13oC
×

Ұланғасыр Қами Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын азаматты көрсетті

Танымал әнші Ұланғасыр Қами өнердегі әріптесі Мейрамбек Бесбаевқа ұқсайтын тыңдарманын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz
Коллаж Stan.kz

Өнер иесі халықтың арасында ән салып тұрған видеосын жеке парақшасына жариялады. 

«Мейрамбек Бесбаев ағамызға қатты ұқсайды екен», – деп жазды Ұланғасыр Қами.

Ал кадрда бой көрсеткен ер адамның аты-жөні Ерлан Нұртазаев болып шықты. Ол Ұланғасыр Қамидің жазбасына пікір қалдырды.

«Ассалаумағалейкум. Мен Мейрамбек Бесбаев емеспін, Ерлан Нұртазаев», – деді ол.  

Желі қолданушылары жарыса пікір жазып, сүйікті әншілеріне ұқсатып жатыр. 

«Мейрамбекті көргендей болдық», «Қартайып кеткен Мейрамбек», «Қатты ұқсайды екен», «Осы кісіні тауып, Мейрамбек ағамызбен кездестіріңізші», – деп жазды көпшілік. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0