понедельник, 29 сентября 2025 г.
icon
544.26
icon
634.72
icon
6.52
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
1oC
×

Орал тұрғындарын интернет-алаяқтардың әдістері туралы ескертті

 Орал қаласында «Өзіңді қаржылық алаяқтықтан қалай қорғауға болады» атты семинар өтті.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылар — экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өңірлік өкілдері басқармасы.

Семинарда БҚО бойынша ЭТТД басшысының орынбасары заң мен тәртіпті сақтау, цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында қаржылық тәуекелдердің өсуіне байланысты мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпараттық-ағартушылық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қаржылық пирамидалар мен дропперліктің тәуекелдері мен қауіп-қатеріне, азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобаларға, «Qaryzsyz Qоğam» әлеуметтік жобасына арналды.

Семинарға бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер қаржылық алаяқтықтың алдын алу бойынша практикалық кейстерімен және пайдалы бастамаларымен бөлісті.

Семинар тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу үшін тиімді алаңға айналды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0