воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-0oC
×

Жастарды теріс діни ағымдардан сақтау үшін патриоттық сезімін ояту керек – депутат

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл осындай пікірде. Оның айтуынша, елімізде теріс діни ағымдардың алдын алу шаралары ауқымды жүргізілсе де, салафиттік-уахабилік ағым қатарына қосылып жатқан жастар әлі де көп.

– «ДАИШ» пен «Ан-нусра» секілді террорлық ұйымдарға түскен жандар – зайырлы қоғамнан оқшауланған адамдар, психологиялық арбау салдарынан ұстанымдары мен өмірге көзқарастары агрессивті идеялармен уланған. Жалпы, шетін көзқарастарды ұстанатын діндарлар ресми ақпарат көздері арқылы немесе діни институттар тарапынан таратылатын түсіндіру мақсатындағы жарияланымдарды қабылдамайды. Мұның мысалын қазіргі таңда мешіттерде көруге болады. Көптеген жастарымыз мешіт имамдарына құлақ аспай, өз білгенімен құлшылықтарын орындап жатыр. Бұл – қазақ үшін ерсі қылық. Көзіқарақты жұртшылықты біздің бүгінгі қоғамымызда бой көрсетіп жүрген ислам атын жамылған теріс діни ағымдар жақтастарының мешіттегі жүріс-тұрыстары мен өзін өзі ұстау мәдениеті ойландырмай қоймайды… Бұл, жұмсартып айтқанда, әдепсіздік. Ата-бабаларымыз дін ұстанғанда имам-молдаларға әрдайым құрмет көрсетіп, тура жолдан таймас үшін ізін де тура басқан. Қазақтың ешбір ұлттық салт-дәстүрлері мен жиындары елдің, жұрттың рухани көшбасшыларынсыз өтпейтін. Оған тарихымыздың өзі куә. Ал діндегі тура жолдан адасқандардың әрекеттері олардың қалың жұрттан оқшауланып, бөлініп кетіп бара жатқанын көрсетеді. Бұл – біз үшін алаңдатарлық жайт», - дейді Ауған соғысының ардагері.

Оның пікірінше, лаңкестік ұйымдар қатарына кетіп жатқан жастарға бөгет болу үшін күш қолданудың қажеті жоқ. Тек сауатты діни білім беріп, бойларында патриоттық сезімін ояқтсақ қана теріс діни ағымдардың жолын кесуге болады екен.

«Осы бір мысалдан-ақ атышулы «ДАИШ» ұйымының белсенділері қатарластарын ресми дін мамандарын тыңдамауға үгіттеп, ақпараттық тұрғыдан оқшаулап тастайтындығын байқауға болады. Олар өзара әлеуметтік қатынастар арқылы жаңадан қосылған немесе екі ойлы адамдарды жедел баурап, өз қатарларына біржола енгізуге ықпал етеді. Осыған орай, біз олардың артынан ерген жастарымызбен кешенді түрде көбірек жұмыс істеуіміз керек деп ойлаймын. Радикалдардың шырғалаңына түскен қаракөздерімізге рухани әрі психологиялық көмек беру қажет. Ол үшін, әрине, ең алдымен, жастарымыздың діни сауаттылығымен қатар, кәсіби зайырлы білімін көтеріп, патриоттық пен ұлттық сананы жандандыруға көп көңіл бөлу керек. Сондай-ақ, мұндай жағдайларды болдырмау үшін радикалды идеологиядан азат аудиторияға алдын алу бағытындағы жалпы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қарқынды түрде жалғастырған жөн», - дейді Мәжіліс депутаты Б.Смағұлов «Егемен Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында.

Осы ретте айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында ДАИШ содырлары ұстанатын салафилік-уахабилік идеологияға қарсы жұмыстар жолға қойылған. ОҚО Дін істері басқармасы жанынан құрылған «Дін істерін зерттеу орталығы» МКМ жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық аудан-ауылдарды аралап қайтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0