вторник, 12 ноября 2024 г.
icon
491.71
icon
529.97
icon
5.05
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-15oC
×

Сирияға соғысқа кетіп жатқандар алдымен ДАИШ туралы шындықты оқыса ойы өзгерер еді — дінтанушы

Өкінішке қарай, дәстүрлі исламнан бас тартып, радикалдардың қатарына қосылған қазақстандықтардың саны кемімей отыр. Бір деректерде ДАИШ-қа қосылып, Таяу Шығыстағы соғысқа аттанған қазақтардың саны 200-ден асады деп көрсетілсе, өзге сарапшылар олардың 400-500 шамасында екенін айтып жүр.

Қалай болғанда да дабыл қағатын жағдай. Олар өздері ғана емес, әйелдері мен кішкентай балаларын да қоса жетектеп алып кеткен. Бүгінге дейін қаншауы тірі, қаншауы қаза тапқаны да белгісіз.

Жат ағымның идеологиясымен уланған қандастарымыз Сирияға аттанбастан бұрын ДАИШ туралы жазылған жаңалықтарды, сараптама мақалаларды оқуы тиіс дейді белгілі дінтанушы, E-islam порталының бас редакторы Жалғас Сандыбаев.

«Сирияға «жиһадқа» кеткісі келетін, ДАИШ-ты жұмақ көретін барлық жерлестеріме айтарым, алдымен дәл осы тақырыпта жазылған мақалаларды оқып көріңіздер. Әсіресе, ДАИШ-тың тұтқынында болып, қашып шыққандардың әңгімесін тыңдап көрсе ойлары мүлдем өзгеретініне сенімдімі. Мәселен, CNN телеарнасының ДАИШ тұтқынында он айын өткізген француз журналисті Дидье Франсуамен жүргізген сұхбатын қарап көрсе болады. Оның айтуынша, өздерін нағыз мұсылманбыз деп санайтын әлгі радикалдар осы 10 ай көлемінде мүлдем Құран оқып, дін туралы уағыздар айтпаған екен. Тіпті, содырлардың бірде-бірінде өзімен бірге Құран кітаптары болмаған», - деп таңданысын жасырмайды белгілі дінтанушы.

Оның айтуынша, қазір жат ағымдарға кетіп жатқан жастарымыздың көзін ашып, нағыз ислами ілімді үйрету керек. Олай болмаған жағдайда сәләфилік-уахабилік идеологияны ауыздықтау мүмкін емес.

Осы ретте айта кету керек, теріс діни ағымдарды ауыздықтау шаралары Оңтүстік Қазақстанда қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, ОҚО Дін істері басқармасы, Ішкі істер департаменті, облыстық прокуратура және ҚМДБ-ның өңірдегі өкілдігі бірлесіп, оқу орындарында жастармен кездесулер өткізуде. Дін істері басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ аудан-қалалар мен шалғай ауылдардың бәрін аралап, деструктивті ағымдардың залалы туралы түсіндіру шараларын өткізіп келеді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0