суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Бұл дағдарысты ислам әлемінің өзі жеңіп шығуы керек – дінтанушы

Тек Таяу Шығыс елдерінің емес, бүкіл әлемнің басауруына айналған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы мен олардың ұстанған салафиттік-уахабилік идеологиясы Қазақстанды да айналып өтпегені анық. Біздің елде де осынау жат ағымның құрығына ілініп, Сирия аттанған жастар саны жүздеп есептеледі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбайыровтың айтуынша, ДАИШ – бұл діндегі орын алған дағдарыс және бұл дағдарысты ислам әлемі бірігіп жеңуі керек.

- Қазір ислам әлемі ауыр дағдарысты, ой дағдарысын бастан кешіруде. Бұл індет ең алғаш рет жетпісінші жылдардың басында радикалды топтар пайда болған кезде көрініс бере бастаған болатын. Ең алғашқы радикалды топтар – Египетте құрылған «ат-Такфир уәл Хижра» мен «әл-Жиһад Исламийя». Ал, нағыз қатерлі індеттің пайда болған кезі Таяу Шығыстағы «Әл-Каиданың» құрылған уақыты. Артынша ДАИШ құрылды. Бұл ретте геосаяси факторлардың болғанын да жоққа шығара алмаймыз. Оның бірінші толқыны кеңестік әскердің Ауғанстанға басып кіріп, соғыс ашуы (1979-1989 жж.) және екінші кезеңі Иракқа АҚШ әскерінің кіруімен (2003 ж.) сәйкес келеді.

ДАИШ-ты күшпен жойып жіберу радикализм проблемсын тек уақытша ғана шешеді. Ал, мәселені толық және түбегейлі тек ислам әлемінің өзі ғана шеше алады. Ислам әлемі болғанда да мұсылман көшбасшылары мен дінбасылары.

Орта ғасырларда дінбасылары, діни ғалымдар ислам ғылмын қалыптастыруда үлкен роль атқарды. Олар исламның ішкі динамикасын және диалектикасын анықтап отыратын. Ал, қазіргі дінбасылар тым ұсақ-түйекпен бас қатырып отырады. Мысалы, мына жасаған амал дінде бар ма, жоқ па? Ол ширік пе, әлде бидғат па? Намазды қалай оқыған дұрыс?, - деген секілді сұрақтарға жауап айтумен уақыттары өтеді. Радикализмнің мақсаты да сол, исламды іштен шіріту, бөліп-жару.

Бұл айтып отырғаным проблеманың бір жағы ғана. Бұдан бөлек те ислам әлемінде шешімін күткен мәселелер жетерлік. Дағдарыс деп отырғаным сол. Енді мұсылман дінбасыларына жүк артылып отыр. Уақыт күтпейді, тезірек қимылдау керек, - дейді А.Ізбайыров.

Айта кетейік, радикализм мәселелерін шешуде үшін Қазақстанның алар өз орны бар. Астанада дәстүрлі өтетін әлемдік діндердің форумын айтпағанда биыл Алматыда Орталық Азия елдері үлемдерінің конференциясы өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана Түркістанда «Дін – бірлікке бағыттайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен болатын. Түркі елдерінен келген дін ғалымдары мен қоғам қайраткерлері осынау жиында аймақтағы экстремизм мәселесін шешуі жолдарын қарастырған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0