+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
27.11.2016 в 14:44

Имандылық күллі тәрбиенің – атасы

Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Халқымыз қайырымды- мейірімді жанды «адамгершілігі мол адам» деп дәріптеген. Қайырымды-мейірімді жан – өзгелерді, басқа адамдарды ойлап, соларға қол ұшын беруші жан. Ал, адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Жастарды үйде де, түзде де имандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудің халықтық сан алуан әдіс-тәсілдердің бірі. Олардың бәріне тоқтала бермей, бірен-саранына сипаттама беруді жөн көрдік. Имандылық дегенде адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық, мейірімділікке тәрбиелеудің синонимі ретінде пайдалану байқалады. Әрине, имандылық бұлардан алыс емес, керісінше осыларды жүзеге асырудың сара жолы деп қараған жөн.

Имандылық үлкенді силау, ар-ұят, ожданды білу, инабатты болу осы тәрбиеден басталады. Өйткені ар – ұят, ождан – иманның кілті. Имандылыққа деген ұмтылыс адам бойындағы табиғи құбылыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Имандылық негізін жетпіс немесе алпыс тармақтан тұрады. Оның ең әлсізі жолдан зиянды нәрсені алып тастау. Ал күнәға барудан ұялу ол имандылықтың бір бөлігі» - деп бұйырған. Хадистің мағынасын тереңдеп түсініп, мұсылман қазақ еліне ислами тәлім – тәрбиені насихаттау қызметін атқарған данышпан Абай Құнанбайұлының 38 – ші қара сөзінде: «Имандылық тек сену ғана емес, әділдікті арттыру мен әділетті іс істеу, ынсап, ұят бұл қабілеттен шығады» - деп жазуы да әлбетте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)-ның хадистерінен халқымызға уағыздап, тәрбиеге шақыру үшін болатын. Халық арасында сақталған бір шумақта:

Десе де таң атпаймын күн қоймайды,

Қуалап өтірікті шын қоймайды.

Құйрығы арамзаның бірақ тұтам,

Түбінде арамзалар дым болмайды.

- деп көрсеткендей өзімізге зияны тисе де шын сөйлеу керек. Бұл турасында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) «Ойы арам, айлакер, сөзінде тұрмайтын жандар тозақтың отына күйеді» - деп бұйырған.

Аллаһ Тағала Әл Имран сүресінің 184 – аятында: «Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында мал сарп қылғандар. Сондай – ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ Тағала жақсылық етушілерді сүйеді» - деп бұйырған. Сол себепті Аллаһ муминдерге ашуы келгенде, өзін - өзі ұстай алуын және жетімдерге көмек беруді бұйырды. Әрдайым адам шыншыл болса, адал еңбекпен мал тауып, адал жесе, жақсылармен жолдас болып, ілім үйренсе, мейірімді де қайырымды болса, үнемі көңілді де пәк жүрсе, міне сонда ғана мұсылмандық бес парыздың ең басты сенімі калимаға – тіл келтіріп, имандылықты өтегені болады. Иманның басы – сенім, ал иманның тәні – бес уақыт намаз, жүрегі – Құран, күмбезі – ықылас, ниет, тілек. Иманның сөзі – Аллаһты еске алу, нұры – шындық, хақ сөйлеу, дәмі – пәктік, жемісі – ораза тұту, жапырағы – тақуалық, дәрісі – ар, ұят.

Иман төрт жерде сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят – көзде, бетте, санада сақталады. Осыған байланысты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с): «Ислам нақты, яғни көзге көрнекті. Ал иман – адамның жадында яғни көзге көрінбейді, жасырын тұрады» - деп бұйырған.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Жастарды имандылыққа тәрбиелеу негізінде отбасынан басталады. Отбасы дегеніміз – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында, әсіресе, тәрбие анаға байланысты. Ананың бала тәрбиелеудегі роліне Ислам қайраткерлері де көп көңіл бөлген.

Мәселен, Иран елінің көсемі Аятулла Имам Хомейни: «Әйел бір қолымен бесік тербетеді, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Ұлы азаматтарды әйелдер тәрбиелейді» - деп ананың бала тәрбиелеуі әлемдік маңызы бар іс екенін жақсы айтқан. Әйелдің бұл ролі отбасының жамағатына, бала – шағаның анаға деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығымен биіктей береді. Баяғының білімпазы Ризауддин ибн Фахруддин: «Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз» - деп бекер айтпаса керек.

Сондықтан ата – ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп түйіндейді халық даналығы. Сондықтан жастайынан бойға сіңген мінез басқа бір зор күш әсерінен болмаса, есейгенде де сақталады. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» - деген мақал, ең алдымен тәрбие мәселесіне қаншалықты терең  мән берілетінін көрсетеді. Тәрбиелік мәні де, философиялық салмағы да мол қазақтың осы мақалынан ой тарқатар болсақ, бауырындағы балапанына жөн-жосық, өнеге көрсете алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін байқамай да қалады. Өмірді көруге, білуге құштар жас басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдайды. Сондықтан баланы дұрыс қадағалап тәрбие беру аса маңызды.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Сайып келгенде,  қоғамда әдеп – инабат нормаларының терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Сондықтан да  Н.Өсерұлының «Мұсылмандық қағидалары» атты Алматының «Өнер» баспасында 1994 жылы жарық көрген кітабының 13-бетінде былай деп қорытындылайды:

Ей пенделер!  Ғафыл қалмаңдар. Мейлің кәрі, мейлің жас, мейлің әйел, мейлің еркек, мейлің надан, мейлің білгір, мейлің бай, мейлің кедей, мейлің ауру, мейлің сау болыңдар, бәрібір топырақтан жаралғаннан соң ерте ме, кеш пе әйтеуір сол топырақтан жерге қайтіп кіреміз. Одан құтылудың ылажы жоқ. О дүниедегі азаптан құтқаратын жалғыз шамшырақ – иманды болу.

Аталарымыздың ауызында айтылатын өлеңінде:

Лә иләһә иллаллаһ,

Иллаллада пайда бар.

Білмеген құлда не айла бар.

Сапар ауыр жол ұзақ,

Азығыңды сайлап ал! – деп жырлауында өте үлкен өнеге бар.

Барлығы өз қолымызда Алыстан іздеудің керегі жоқ. Бәрі де қасиетті Құранда жазып көрсеткен. Төлеби бабамыз айтқандай: «Нәрестенің бесігі - кең дүниенің есігі». Саналы білімді адам ақиқатты саралап ала алады.

Қ.Қ.Салықбаев,

Дінтанушы, ОҚО.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика