суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Танымал журналистің ұшақтағы дауға қатысты ойы: "Полиция шақырып, жұрттың бәрін «тәрбиелей» алмайсың"

Белгілі журналист Бауыржан Бабажанұлы борт серіктен қазақ тілінде ақпарат беруін талап еткен түрік азаматы Оғыз Доғанға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Журналист өзінің желі парақшасында жолаушы түрік азаматының қазақ тілін қорғаймын деп өзіне арзан пиар жасады деп айыптағандарға жауап берді.

«Оғызды арзан пиар жасады деп айыптап жатқандар бар. Бірнеше күн сапарлас болғанда байқағаным, Оғыз — нағыз патриот жігіт. Мағжанның өлеңдерін жатқа соғады. Төлегеннің өлеңдерін түрік тіліне аударып жүр. Қазақстанға келгелі еліміздің түкпір-түкпірін аралап шығыпты» деп жазды Бауыржан Бабажанұлы. Сонымен қатар өз жазбасында журналист түрік азаматының қазақ халқы туралы айтқан ойын да мысалға келтірген.

«Байқағаным, жер бетінде қазақтай халық жоқ. Дастарханын есепсіз жаятын жалғыз ұлт — қазақ», — дейді ол. Төлеген Айбергеновтің Ақтөбедегі мерейтойына арнайы келген ол мынадай пікір айтты:

«Мен жастарға сенемін» деген Мағжан атылған 1937 жылы Төлеген дүниеге келіпті. Айбергенов, бәлкім, ағалар аманатын арқалап туған шығар.

Мен оны мәңгі жас ақын деп есептеймін. Біртүрлі аға дей алмаймын. Әрбір жас Төлегеннің жасына келгенде «Мен не бітірдім?» деп өзіне есеп беруі керек. Төлегенге қараймын да, өзімнің түк бітірмегеніме ұяламын.

Ақынның өлеңдерін түрік тіліне аударып жатырмын. Ол — күллі түркіге ортақ ақын» деген автор әуежайда орын алған шулы оқиғаға қатысты да пікір білдірді.

Енді «Эйр Астанаға келейік». Ендігі жерде полиция шақырып, жұрттың бәрін «тәрбиелей» алмайсың. Себебі талап күн сайын күшейе береді. Өйткені бұл — Қазақ елі! Әрі-беріден соң өз елімізде қазақша сөйле деп талап қоюдың өзі ұят. Сондықтан ең дұрысы, қазақша үйренген. Үйренбесіңе қоймайды бәрібір...» деп ашынды жазба авторы. Мұны оқыған желі қолданушылары журналист пікірін қолдап, Оғыз Доғанның әрекетін арзан пиарға балағандардың өзі ақша үшін арын сатқан арсыздар екенін, олардың қанында қазақтық қасиеттің жоқтығын жеткізген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0