пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
20oC
1xadv
×

Есімов үшін алаңдаған астаналық оған тағы бір компания ашып беруді ұсынды

Астана тұрғыны «EXPO-2017» халықаралық көрмесі аяқталған соң ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов жұмыссыз қала ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Тұрғын Серғали Балажан бұл пікірімен өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

«ЭКСПО көрмесі аяқталуға жақын. Демек, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы да көп ұзамай таратылады. Ахметжан Есімов пен оның командасын жұмыссыз қалдырмау үшін «Астананың 20 жылдығын тойлау» Ұлттық компаниясын құруды ұсынамын. Келер жылы Астанаға 20 жыл толады» деп жазды автор. Мұны оқыған желі қолданушылары автордың жазбасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, тіпті бірі көрме аяқталған соң Есімов мырза Астана әкімі болып қалады деген болжам да жасады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0