суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Шымкент тұрғынын пышақтады деген күдікпен Өзбекстан азаматына іздеу жарияланды

Қазақстанға осыдан үш жыл бұрын келген өзбекстандық азаматқа қазақстандық тұрғынды пышақтады деген күдікпен іздеу жарияланды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Астана қалалық ІІД-нің іздеу хабарламасы тарап кетті. Онда тамыздың 17-сі күні түнгі сағат 03.30 шамасында мойын мен арқа тұсынан пышақ жарақатын алған жәбірленуші 2-3 деңгейдегі геморрагиялық шок диагнозымен №2 қалалық ауруханаға түскені жазылған. Жәбірленуші әйел азаматы 1986 жылы дүниеге келген, ОҚО, Шымкент қаласының тұрғыны. Қанды оқиғаға күдікті ретінде 1978 жылы дүниеге келген Өзбекстан азаматы Улугбек Нажмиденовке іздеу жарияланды. Белгілі болғандай, күдікті 2004 жылдың 21 наурызында шекара асып, Қазақстанға келген.

Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер растап отыр.

«Мұндай оқиғаның орын алғаны рас. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Полицейлер қазіргі таңда күдікті азаматты іздестіру үстінде. Жәбірленушінің жағдайы жақсы»,-деді баспасөз қызметіндегілер.

Астана қалалық ІІД өзбекстандық азаматтың жүрген жері мен орны жайлы қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан 8 (7172) 71-61-47, 71-60-17, 71-63-96, 8 747 995 07 58 байланыс телефоны арқылы хабар беруді сұрайды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0