понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

Нұртас Адамбай бастаған бір топ қазақстандық супермаркетте ұрлық жасаған ардагер ұстазды жақтап шықты

Белгілі актер Нұртас Адамбай супермаркетте ұрлық жасаған бұрынғы мектеп директорының әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Актер бұл туралы пікірін желі парақшасында жария етті.

«Зейнетақысы жақсы адам ешқашан да консервіленген тағам мен күлшені ұрламайды. Алдымен адамды ұрлық жасауына мәжбүрлеп алады да, кейін оларды ұстайды. Ал күзетші кезінде сабақ үлгерімі нашар, «екіге» оқыған болуы керек. Сондықтан да ол күзетші боп жүр ғой» деп жазды Нұртас Адамбай.

Жазба авторының бұл пікірін өзгелер де қолдай кетті. «Тамақ жегісі келеді, бірақ зейнетақы жетпейді. Әрине, ұрлық жасау – дұрыс емес. Бірақ қымбат азық-түлік үшін аш жүрген зейнеткерлерді емес, үкіметті жазаға тарту керек», «Байқұс кейуананы видеоға түсіріп, одан бетер намысын таптаудың қажеті не? Бұрынғы ұстазы үшін өзі-ақ төлей салуға болатын еді ғой» деп ашынды қолданушылар.

Естеріңізге салсақ, Ресейдің Ростов облысы, Сальск қаласындағы «Магнит» супермаркетінің күзетшісі егде жастағы әйелді ұрлық үстінде ұстап алып, видеоға түсіріп алған болатын. Кейін ұрлық жасаушы өзінің бұрынғы ұстазы екенін айтқан. Ол аз дегендей, күзетші бұл видеоны интернетке таратып жіберген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0