пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
5oC
1xadv
×

Заңгер: «Біздегі діндарлар борбайының болашағын ойлап әлек»

Белгілі шымкенттік заңгер елімізде уағыз айтушылар кейбір азаматтар жастарға теріс тәрбие беріп, олардың жеңіл жүріске салынуына септігін тигізеді деп алаңдаушылық тантытты. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Заңгер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында әлдекімнің уағыз айтып отырған сәтінің видеосын жүктеп, еліміздің Дін істер министрлігінен жауап талап етті.

«Жапония, Оңтүстік Корея еркектері логикамен өмір сүріп, милары тек бір дүние ойлап табумен дамыған мемлекеттер қатарында өз елдерін алып жүр. Ал біздің сорлылар борбайының нəпсісінен шыға алмай, одан қалса о дүниеде де сол борбайдың болашағын ойлап əлек. Осындай уағыздарды естіп алған жас жігіттер, əрине, қыздарды қолғапша ауыстырады. Министрлік не үшін құрылды? Осындай уағызшыларға тыйым салатын уақыт келді. Айтыскер ақын болып жүріп уағызшы болып кеткен е ақын емес, е уағызшы емес жүрген дүбəрə елді былғап жүргендер де жетеді . Мына жігітті Смановтың ұлы дейді. Рас па? Бұлар отбасымен қуып кеткен уағыз айтатын болғаны ма сонда? ҚМБД қалай осындайларға жол береді?» деп жазды заңгер. Бұл жазба өзгелердің де ашуын туырды.

«Аңқау халыққа арамза молдасымақтар қаптап кетті», «Алладан қорықпай хадисті қалай бұрмалайды екен? Демократия біздің елде тек дін мен уағызда ғана, осындайлар халыққа бір пайдасы жоқ әңгіме айтады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, видеодағы уағыз айтушы әйелімен жәннатқа барған ер азамат 4900 хор қызына ие болатыны туралы мәлімдеме жасаған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0