пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Тойда ата-анасына мейірімін төккен қазақ жігіті жұртты тəнті етті (ВИДЕО)

Тойда анасын сүйіп, əкесін көтеріп алған жігіт көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды Newtimes.kz ақпараттық агенттігі.

INSTAGRAM желісінде қазақ тойында ата-анасын ортаға шығарып, ерекше мейірімін көпшілік алдында байқатқан жас жігіттің видеосы пайда болды. Онда ер азамат анасының бетінен, əкесінің маңдайынан сүйіп, кейіннен көтеріп алады. Видеоны көрген желі қолданушылары жігіттің əрекетіне риза болып, ата-ананың ыстық мейірімінің ортасында өскен бала қашан да ол кісілерге деген құрметін жоғалтпайды деп əке-шешесіне көпшілік алдында сый көрсеткен жігітті қолдай кетті. Енді бірі "Бала берсең, сана бер. Сана бермесең, ала бер" деген сияқты осындай саналы балаларыңыз көп болсын" деп жігіттің ата-анасына ұзақ ғұмыр тіледі. Қолданушылардың пікірінше, жас жігіт Талдықорғанның тумасы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: