вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Бала санын арттыруға бас қатырған шымкентттіктер елде жоқ акцияны қолға алды

Ел демографиясының артуына үлес қосуды мақсат тұтқан тұрғындар елде жоқ акцияны қолға алды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы шымкенттік тұрғын Айдар Құлжанов өзінің желідегі парақшасында жария етті.

«Бір досым жолдас жігіттердің арасында «Тесттегі 2 сызыққа 200 000 теңге» дейтін акция бастапты. Мықты идея сияқты! Қалталы азаматтар іліп әкетсе, халық санын көбейтуге кәдімгідей әсер ететін сияқты. Біздің құрдастар ынта-шынтасымен акцияға атсалысып кетті енді» деп жазды автор. Мұнан соң Айдар Құлжанов акцияның басты талабы туралы да сөз етті. Жазуынша, ортақ достардың келіншектері жаңа жылға дейін аяғы ауырласа, жолдасының достары өз қалталарынан 200 мың теңге сыйлық жасайды және бұл сома ортадан жиналынбайды. Достардың әрқайсысы табыс етуге уәделесіпті.

«Акция тек достардың келіншектерінің арасында жүреді. Ал мәрт жігіттер болса, ауқымын кеңейтіп, бүкіл елге таратуға болады екен» деп толықтырды желі қолданушысы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0