воскресенье, 27 ноября, 2022
icon
465.38
icon
483.58
icon
7.69
Алматы:
icon
-10oC
Астана:
icon
-25oC
Подпишитесь на нас:
Общество Редактор
12 сентября, 2017, 19:00

Клубта "каблукпен" билеген жігіт елдің жиіркенішін тудырды (ВИДЕО)

Түнгі клубтардың бірінде ортаға шығып алаңсыз билеген жігіт жұрттың ашуын тудырды, деп xабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Ақ жейде мен қара шалбар киген, аяғында биік өкшелі туфлиі бар жас жігіт биімен клубты шулатты. Оның биін әлдекім видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Онда каблук киген жігіт тіпті қыз баласының өзі жасай алмайтын қимылды биді еш кедергісіз билейді. Оны көрген желідегілер биші жігіттің әрекетіне таң болып, әсіресе қыздар қауымы "мынандай каблукпен билемек түгілі, жүрудің өзі қиын ғой" деп пікірлерін жаудырды. Дегенмен басым көпшілігі оның әрекетіне жиіркенішпен қарап, ер баланың бұлай билеуі ұят екенін алға тартты. Бұл көңіл көтеру кеші еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз, бірақ желі қолданушыларының пікірі бойынша Алматы қаласында орын алған болуы мүмкін.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:
Написать комментарий


Эксклюзив
Интервью и мнения