четверг, 28 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Маңғыстауда тойдан қайтқан бір отбасының жеті мүшесі жол апатынан қайтыс болды (ВИДЕО)

Маңғыстауда орын алған жол апаты бір отбасының жеті мүшесінің өмірін жалмады, деп хабарлайды «Лада» сайтына сілтеме жасап NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 10 қыркүйек күні кешкі сағат жетілер шамасында Бейнеу ауылында орын алған. Toyota Camry маркалы автокөлік тұрғын үйдің кірпіштен жасалынған қоршауына келіп соғылған. Салдарынан көлік ішіндегі алты жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті. Оның екеуі 2006 және 2001 жылғы жеткіншектер. Қоршауға келіп соғылғн темір тұлпардың тіптен жапырылып қалғаны соншалық екі жолаушының денесін арнайы техниканың көмегімен алып шығуға тура келіпті. Куәгерлердің айтуынша, көлік ішінде ағайынды ағалы-қарындас пен оның балалары болған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0