+7 (7172) 30 85 71

Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
15.09.2017 в 12:23

Айуандықпен өлтіріліп, мәйіті тоңазытқышта сақталған егіздердің ағасы балалар үйіне өткізілуі мүмкін

Алматыда анасы мен оның азаматтық некедегі күйеуінің қолынан айуандықпен өлтірілген егіз сәбилердің ағасы жетімдер үйіне өткізіліуі мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

Көшеде қанғып жүрген жерінен қала тұрғындары тауып алған баланың ешқандай құжаты жоқ. Үштер шамасында деп болжағанымен, нақты жасын да білу мүмкін болмай отыр.
Қазір ол нөмірі екінші балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Ал балақайдың анасы Алла Волченко мен оның азаматтық некедегі күйеуі Эмиль Гильмутдинов сәбилерді өлтірді деген күдікпен тергеліп жатыр. Өзбек азаматы егіздерді тұншықтырып тастағанын мойындады.

Тағы оқыңыздар: Қызылордалық полицей: «Брат, ренжімеші, қателесіп тоқтатыппын» (ВИДЕО)

Ол бұндай қылмысқа кішкентайлар жылап мазасын алған соң барғанын айтқан. Сондай-ақ, қанішер сәбилердің анасына, мен бұларды өлтірем, сен үлкен ұлды алып сыртта жүре тұр деген екен. Сөйтіп, Алла Волченко болса үш жастағы тұңғышын "Самал" ықшамауданына ертіп барып, сол жерге тастап кеткен. Кейін бұл екеуі егіздердің денесін сөмкеге салып пәтерден-пәтерге қашып жүріпті. Тек мүрде иістене бастағанда жалдаған үйдің тоңазытқышына тығып, іздерін суытады. Мәйіттерді бірінші болып, көрші пәтердің тұрғындар тауып алған. Екі күдіктінің арақтан ешқашан ауыздары құрғамаған. Ең сорақысы, істеген қылмысына олар өкініп те отырған жоқ.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 308571
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика