Шымкенттік полицейлер сақалдылардың "інін" қоршауға алып, барлығын ұстап әкетті (ВИДЕО, ФОТО)
Шымкенттік полицейлер арнайы операция өткізді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Ұялы телефон сатушылардың ошағына айналған «Гарант» дүкенінде полицейлер тазалау жүргізді. Шенділер дүкен аумағын қоршауға алып, сатушыларды ұстап әкетті. Алайда бұл жағдайға қатысты құзырлы органдағылардан қандай да бір пікір алу мүмкін болмады. Айта кетерлігі, аталған дүкен он жылдан астам уақыттан бері ұялы телефон алып-сатарларының мекені болып келеді.
Жергілікті билік бірнеше рет рейдтік шара жүргізіп, заңсыз сауда жасаушыларға ескерту беріп келгенімен оларды ешкім тоқтата алмады. Ерекше атап өтерлігі, мұндағы саудагерлердің басым көпшілігі қысқа балақты, сақалдылар. «Гарант» дүкені қаланың ортасында орналасқан. Оған жақын маңда «Мега» орталығы мен елімізге танымал ОҚМУ жоғары оқу орны, қалалық әкімдік ғимараты бар.
-
Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру29.01.2023, 10:10Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналист29.01.2023, 03:36Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202329.01.2023, 09:12Ерке Есмахан енді қыз-келіншектерге жас жігіттерді өзіне қалай қаратуды үйретпек29.01.2023, 19:45Молодую девушку похитили и изнасиловали в Алматинской области29.01.2023, 22:24Американец выучил казахский язык по песням группы Ninety One29.01.2023, 11:13
- Смотреть все