Арман Сқабылұлы: "Не біз ақылдан адастық, не министрдің "крышасы" кетті"
Танымал журналист Арман Сқабылұлы білім беру жүйесіне жаңалық енгізуден шаршамайтын еліміздің бас педагогы Ерлан Сағадиевті сынның астына алды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Елге белгілі журналист Арман Сқабылұлы бұл туралы ойын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді. Тіпті танымал продюсер Серік Абас-Шаxты да сөз еткен ол Білім және ғылым министрі физика, биология, xимия пәндерінің мұғалімдері үш айлық курстан соң ағылшынша сайрап шығады дегенін "фантастикаға" теңеді.
"Осы аптада Серік Абас-шах пен министр Ерлан Сағадиев бір-біріне ұқсас мəлімдемелер жасады. Секең келесі жылдың қыркүйегіне дейін ағылшын тілін үйреніп аламын деп отыр. Досымды білемін. Сайрап кетпесе де "нан сұрап жеуге жарарлық" бірдеңені миына құйып алар. Ал, министр одан да асып түсіп, елдегі физика, химия, биология пәндерінің мұғалімдерін үш айлық курста оқытып, қазақшасының өзін түсіну қиын теоремаларды ағылшынша сайратамыз дейді. Сосын əлгі ұстаздар Шекспирдің тілінде сабақ бермек. Фантастика! Қош бол, білім! Қош келдіңіз, сауатсыз һəм мəңгүрт ұлт! Бұдан басқа теңеу таба алмай отырмын. Не біз ақылдан адастық, не министрдің "крышасы" кетті. Екеудің бірі!" деп жазды Арман Сқабылұлы.
Мұны оқыған желідегілер министрді сөгіп тастады.
Тағы оқыңыздар: Тойда жартылай жалаңаш билеген биші еркектердің шақуатын оятты (ВИДЕО)
"Сөздікті әзер жаттап жүргендер қиын пәндерді қалай ағылшынша оқиды? "Нагрузкасы" көп, тұрмысы ауыр мұғалім қалай дайындалады? Түк қисынбайды, бәріміз ақылдан адасатын болдық", "Осы министр баяғының батырлары сияқты отқ салса жанбайтын, суға салса батпайтын біреу болды ғой", "Жан айқайды еститін жан қалды ма өзі?", "Бұлай жасай берсе қазақтың болашағы бұлыңғыр болады" деді пікір қалдырған желідегілер.
-
«Не могу удержаться от бешбармака»: Светлана Лобода о казахской кухне и казахских мужчинах05.02.2023, 16:01Федор Емельяненко нокаутом проиграл чемпионский бой и завершил карьеру05.02.2023, 11:31Полиция Астаны прокомментировала массовую драку футболистов из России и Кыргызстана05.02.2023, 01:3218-летняя канадка выиграла в лотерею 36 млн долларов США на День рождения05.02.2023, 11:00Прогноз погоды в Казахстане на 5 февраля05.02.2023, 06:00«Меккеде қазір ақшадан басқа ештеңе жоқ»: Періштелермен тілдескен Жанат Бақыт не естігенін айтты05.02.2023, 16:30
-
06:00Прогноз погоды на 6 февраля05:00Представившийся полковником полиции мужчина «кинул» пивбар в Астане03:00Новый автобусный маршрут появится в пригороде Алматы00:00В Актюбинской области двое мужчин вышли на поиски скота и пропали