Желіде қос ешкінің полицейлердің қызметтік көлігінің үстінде алаңсыз жүрген сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.
Видеоны көрген желідегілер бұл ешкілердің қайдан тап болғанын білмей дал болды. Дегенмен мұндай көріністі жиі көре бермейтін қолданушылар көлік үстіне шығып алған үй жануарларының мұнысы фильм түсірілімінің эпизоды болуы мүмкін деп болжап, кейбірі жол ережесін бұзған ешкілер деп әзілді пікірлерін жаудырды. Оқиғаның оңтүстіктің қай өңірінде орын алғаны белгісіз. Тек қызметтік көлік Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД тиесілі екенін ондағы жазудан байқауға болады.