воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Атырауда автобус кондукторы жол ақысын төлемеген ардагерді күштеп түсірмек болды (ВИДЕО)

Бұл оқиға Атырау қаласындағы қоғамдық көліктердің біріне орын алған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі де, кондукторы да және кейбір жолаушылар да жол ақысын төлей алмаған қарияға ауыр сөздер айтып, оның автобустан түсуін талап еткен.

Осынау келеңсіз жайтты куәгерлер бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы бөлісті. Онда қарт атайдың өзін ҰОС ардагерімін деп ақтағаны естіледі. Алайда, кондуктор оған сенбей, ақсақалды қолынан сүйреп автобустан түсіргісі келген. Алайда, жолаушылардың кейбірі ара түсіп, жас жігіт қария үшін жол ақысын төледі.

«Мой Город» порталының жазуынша, дәл осы автобуста осы кондуктор зейнеткер әжейді де күштеп автобустан түсіріп жіберген екен. Ол кезде кейуанаға ара түсетін ешкім болмаған. Жолаушылар тек бейнекамераға түсіруден ары аса алмапты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0