пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Ақтөбеде орамал таққан оқушылар әлі күнге мектепке кіре алмай жүр

Еліміздің батыс облыстарында хиджаб дауына әліге дейін нүкте қойылар емес. Орамалға тұтастай оранған кішкентай қыздар мектепке кіре алмай жүр. Екінші тоқсан басталғанына біршама уақыт өтсе де дәстүрлі емес ислам ағымын ұстанатын ата-аналар қыздарының хиджабын шешуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ал, мектеп басшылығы болса діни киім киген оқушыларды мектеп табалдырығынан аттатпайтындарын айтуда.

Дәл осы проблема қазір Ақтөбе облысындағы Алға ауданында өршіп тұр. №4 орта мектепке кіре алмаған оқушы қыздардың ата-аналары қазір полиция мен прокуратураға арыз жазып, педагогтарды соттатпақ ниетте. Бұл туралы aktobenews.kz порталы мәлімдеді.

«Қызым 9 сыныпта оқиды. Нұршат Қапа үздік оқушы, мектепте белсенді. Орамал тағып жүргеніне 5 жыл болды. Қазақы тәрбиемен өскен қызым ағылшын тілін жақсы меңгерген. Өзім мешітте жұмыс істеймін. Қазір оқушыларды мектепке кіргізбеу белең алды. Әкімшілікке хабарын бердік. Полиция мен прокуратураға арыз жаздық. Қызым күнде мектепке барады, бірақ кіре алмай келеді. Кейде жылайды», — дейді Мұрат Мырзалин есімді ата-ана.

Портал тілшілерінің мәліметінше, қазір осы №4 орта мектептің 1, 2, 6, 8-сыныптарында оқитын хиджабты қыздар оқу ғимаратына кіре алмай жүр екен. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу орынарының ғимаратына оқушылардың діни киімдер киіп келуіне тыйым салынады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0