+7 (7172) 308 571

<
Написать нам в WhatsApp: +7 (707) 888 02 16
14.11.2017 в 17:00

Қоғам белсендісі Астанаға шырша орнатуға қарсылық танытып, 100-ден астам адамның қолын жинады

Қоғам белсендісі Астанаға шырша орнатуға қарсылық танытып, 100-ден астам адамның қолын жинады

Танымал экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Тәуелсіздік күнін атап өтпейінше Астанаға шырша орнатуға болмайды дейді. Ал, орнатылған шыршаларды ол алып тастауды талап етуде. Қазақстанның басты мерекесі өтпейінше көшелерді де жаңажылдық нақышта безендіруге ол қарсы.

Өзінің осындай талап-арызын М.Тайжан ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке жолдады. Экономист арызды жалғыз өзі емес, жүзден астам адамның атынан жазып отырғанын да мәлімдеді.

«Қазақстан Тәуелсіздігі жарияланған күн―16 желтоқсан біздің елдің азаматтары үшін ерекше маңызға ие. Бұл күнге жету үшін жылдар бойы қаншама боздақтың қаны төгілді. 1986 жылы 17-18 желтоқсанды, 2011 жылы 16 желтоқсанды сіздер ұмытып кеткен жоқ деген ойдамыз. Бұл күнді жаңа жыл мерекесімен қатар қоюға мүлдем болмайды. Одан кейін, хронологиялық тұрғыдан да бірінші тәуелсіздік күні келеді», ― дейді ол өзінің Facebook-парақшасында.

Мұхтар Тайжан Жаңа жылға дайындалуға қалған 10 күн де молынан жететінін айтып отыр. Ол сондай-ақ, Қазақстанның барлық қаласында Жаңа жылдық безендіруді тоқтатуды талап етті. Оның орнына көшелер мен көпшілік орындар ұлттық нақышта, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендіруін ұсынды.

Айта кетейік, Астананың бірнеше жеріне бүгінде жаңажылдық шыршалар орнатылды. Республиканың басты шыршасы ЭКСПО кешеніне қойылатын болады.

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале


Редакция

ИА «NewTimes.kz» ЗАПРЕЩАЕТ копировать и перепечатывать материалы агентства с пометкой «Эксклюзив», а также их фрагменты. ЗАПРЕТ распространяется на все зарегистрированные СМИ, а также паблики в Instagram. Полное воспроизведение или частичное цитирование других материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы могут быть скопированы и размещены только с подписью «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2018, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. 
Реклама на сайте

Нажмите "Нравится", чтобы читать NewTimes в Facebook

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

    Яндекс.Метрика