суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

ОҚО полицейлері шөп өсірген 108 ауғанстандықты ұстады

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз дәрілік өсімдік жинаған Ауғанстанның азаматтарын ұстады, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап NewТimes.kz ақпараттық агенттігі.

Департаментке қарасты көші-қон қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш ауданында ферула-дәрілік өсімдіктерді жинаумен айналысқан Ауғанстанның 108 азаматын ұстады. Шетелдіктердің құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Қазіргі таңда заңбұзушылықтарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз еңбекке пайдаланғаны үшін тәртіп сақшылары 1988 жылы дүниеге келген ҚР азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

ОҚО ІІД Көші-қон полиция қызметкерлері өзге де қызмет өкілдерімен бірлесе «Заңсыз келуші» жедел іс-шарасының 3 күнінде көші-қон заңын бұзған 1000-нан аса азаматты анықтады, оның 951-і шетел азаматы. 469 заңбұзушыға ескерту жасалып, 128 азаматқа әкімшілік айыппұл салынды және 251 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.
Шара барысында Көші-қон заңнамасын бұзған және шетел азаматын еңбекке заңсыз пайдаланғаны үшін 94 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамаған 2 шетел азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0