среда, 30 ноября, 2022
icon
468.43
icon
485.43
icon
7.67
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-15oC
Подпишитесь на нас:
Регионы Редактор
8 июня, 2016, 08:17

Павлодар облысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында төрт жоба жүзеге асырылмақ

Павлодар облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында төрт жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Талғат Шәріповтің айтуынша, қазіргі таңда төрт жобаның концепциясын құрастыру бойынша келісімшарт жасалды. Мәселен, білім беру саласында Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында жалпы құны 569,6 млн теңгені құрайтын 140 орындық балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр. Мәдениет саласында Екібастұз қаласының 50 жылдығына орай қала саябағын жаңғырту шартымен сенімгерлік басқаруға беру көзделуде. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Ақсу қаласының көше шамдарын жаңғырту жобасы қолға алынды. Мемлекеттік органдар ұсынған МЖС жобаларынан басқа облыстық басқармаларға кәсіпкерлерден жеке қаржылық бастамалар аясында да ұсыныстар түсіп жатыр.  Сондай-ақ, «ЭлектроТрансРеелто» ЖШС облыс аумағындағы құрамында сынап бар қалдықтарды демеркуризациялау жобасы  ұсынылуда.

«Үш ұйымды сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр. Олар: Кежекөл және Павлодарское ауылдарындағы екі дәрігерлік амбулатория және Екібастұз қаласындағы №1 емхана, — деді Талғат Шәріпов. — Жобаларды жүзеге асыру барысында дәрігерлік ұйымдардың ғимараттарында күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Осы мақсаттағы жалпы құны 167,3 млн. теңгені құрайтын шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Сонымен қатар, жеке әріптес ұсынатын тегін медициналық қызметтердің біразын тұтыну мемлекет тарапынан кепілдендіріледі».

Өкінішке орай, облыс әкімінің өңірімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары бар ма деген сауалына нақты жауап болмады.

«Железин ауданындағы Михайловка ауылында агротехникалық колледждің ғимараты бос тұр. Ол ғимараттың күзетшілеріне бюджеттен жалақы төленеді. 20 гектар жері, барлық коммуникациялары бар кәсіпорынды кәсіпкерлерге төмен бағамен беріп, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Жергілікті әкімдер жұмыс істемей тұрған нысандарды бизнес өкілдеріне ұсынып, оларды жандандыруы қажет.

Бұдан басқа, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселесінен басқа аппарат кеңесінде облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы табиғатты қорғау шаралары сөз болды», — деді Болат Бақауов.

В статье:
Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:
Написать комментарий


Эксклюзив
Интервью и мнения