вторник, 7 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Бала дауысы» ән байқауында 100-ге жуық павлодарлық жеткіншек бақ сынады

Бүгін Павлодарда өткен алғашқы «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының аймақтық кастингінде 100-ге жуық бала бақ сынады, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Қазақстандық жұлдыздар мен белгілі музыкалық продюсерлерден, режиссерлерден тұратын үлкен  команда 21-мамырдан бастап елді аралап, дарынды жастарды жинауда. Шығармашылық марафон 10-тамызға дейін жалғасатын болады. Павлодар облысы - бұл сапардағы бесінші аймақ. Ең үздік вокалшыны таңдауға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опералық және эстрадалық әнші Толқын Забирова келді. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында  әнші және музыкалық продюсер Фарида Ниязова мен  композитор  Галымбек  Исмбергенов жас өрендердің өнеріне баға берді.

«Кастингтерге қатысуға 7-13 жас аралығындағы балалар қатысып, кез келген тілдегі екі әнді орындады. Өз өнерін ортаға салған 100 баланың ішінен түске дейін 30 бала іріктеліп алынды. Ал, олардың арасынан ең үздік деп танылған жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алады», — деді  облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Самал Қадырова.

Бөлім басшысының айтуынша, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әрбір аймақтан барлығы 16 үздік қатысушы  балалық шақтың бесігіне айналған «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында өз есігін айқара ашатын «Бала дауысы» жазғы музыка мектебінде екі апта сольфеджио, хореография, әртістік шеберлік бойынша білімдерін шыңдап, атақты әртістерден шеберлік сыныптарын алады. Сондай-ақ, балаларға жаңа ән жазылып, олардың дискілері көп данада республиканың балабақшалары мен мектептеріне тегін жолданады. Ұлттық балалар ән байқауының соңғы мәресі Астанада өтеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанда 2016 жылғы 14 мамырда  бастау  алған «Бала дауысы» бірінші Ұлттық балалар ән байқауының бас продюсері мен идеяның авторы - Әлия Назарбаева. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  қоры байқаудың ресми әріптесі болып табылады. Өткен жылы «Жандану әлемі» қоры өткізген Bala Turkvision халықаралық балалар ән байқауына Тамила Рахымбаева жолдама алған. Жартылай финалда Павлодар өңірінен барлығы 100-ден астам бала қатысты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0