вторник, 16 апреля 2024 г.
icon
448.56
icon
478.03
icon
4.79
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Павлодар облысы спортпен шұғылданатын адамдар саны бойынша республикада үздік үштіктің қатарында

Павлодар облысы спортпен шұғылданатын адамдар саны бойынша үздік үштіктің қатарында, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін өңіраралық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашев мәлім етті.

«2015 жылы облыста спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 220 178 адамды құрайды. Оның ішінде 70 734-і ауылдық аймақта тұрады. Павлодар өңірі елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың саны бойынша үздік үш аймақтың қатарына кіреді. Облысымызда спортпен шұғылданатын азаматтар үшін 3350 спорттық ғимарат жұмыс істейді. Соның ішінде 1922-і ауылдық жерлерде орналасқан», — деді Марат Айдашев.

Ведомство басшысының атуынша, Павлодар облысының спортшылары 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында   республикалық сайыстарда 230 алтын медальға ие болған.    Бүгінгі күні өңірдің спортшылары түрлі республикалық сайыстарда 230 алтын, 200 күміс және 217 қола медаль алды.  Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI-ші жазғы Олимпиада ойындарына  Павлодар облысынан төрт спортшы жолдама алған. Олар, жеңіл атлеттер Ольга Сафронова мен Роман Валиев, балуандар Дәулет Шабанбай және Мамед Ибрагимов. Ал паралимпиадаға жолдаманы садақтан атудан Александр Медведев иеленді.

Айта кетерлігі,  павлодарлықтар Азия чемпионаттарынан жеті медаль, олимпиада және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Әлем чемпионаттарынан үш медальға қол жеткізді.

Бұдан басқа, ат спорты қарқынды дамуда.  Спорттың бұл түрімен айналысатын балалар мен жасөспірімдер саны - 22 396.  Олардың 21 061-і спорт мектептерінде шынығады. Мәселен, жуырда Астана  күніне орай  «Құлагер» ипподромында өткен бәгеде республиканың түкпір-түкпірінен жиналған елуге жуық шабандоз келді. Бас жүлдеге тігілген үш темір тұлпардың екеуі павлодарлық Пресанелла мен Андораға бұйырған.  Бірінші айналымда 2400 метр қашықтықта төрт жасқа дейінгі жылқылар арасынан Ресей Федерациясы Президентінің ХІІ «Приз города - героя Москвы» халықаралық бәйгесінде топ жарған павлодарлық Пресанелла есімді тұлпар жеңіске жетті. «ҚазАт» ат спорты клубының Пресанелла тұлпары - таза қанды ағылшын жануары. Ат бапкері - Петр Карабельников. Сәйгүлік Ирландиядан әкелінген.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздегі ең үздік спорт құрылғыларының бірі болып табылатын ипподром барлық талаптарға сай жабдықталып, бір жарым жыл ішінде тұрғызылды. Мұнда 2400 көрерменге арналған жабық трибуналар орнатылған, ат жарысына арналған екі мың шақырымдық шеңбер бар. Сонымен қатар ипподромда жаяу жүргіншіге арналған жолдар төселіп, VIP орындар мен судья бөлмесі салынған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: