понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-5oC
Астана:
icon
-4oC
×

Павлодар облысына Қазақстан үкіметінің қорынан 3,7 млрд теңге түсті

Павлодар облысына Қазақстан Республикасы үкіметінің қорынан 3,7 млрд теңге түсті. Жақында аймақ қажеттіліктеріне тағы да 600 млн теңгеден астам қаражат түспек, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауов аппараттық кеңесте мәлім етті. Ол өз сөзінде аймаққа келіп түскен бюджеттік қаражат маңызды жобаларды іске асыруға арналғанын атап өтті.

«1,2 млрд теңге Ақсу қаласының шағын аудандарын аинженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға, 140 млн теңге Ақсу қаласында салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы желілері мен абаттандыру жұмыстарына жұмсалатын болады. 376 млн теңге Кенжекөл ауылының су құбыры құрылысын жалғастыруға, 973 млн теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ТКШ инфрақұрылымының ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ», — деді Болат Бақауов.

Өңір басшысның айтуынша, Қосымша «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік нысандарды жөндеуге арналған 175 млн теңге, Ленин және Майқайың кенттерінде, сондай-ақ Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында, Успен ауданының Константиновка ауылында су құбыры жүйесі құрылысын бастауға 440 млн теңге түседі.

Бұдан басқа, жиын барысында ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасарыТөлеген Көшербаев алдағы астық науқаны туралы баяндады.

«Биыл шаруа қожалықтары 243 бірлік техника сатып алды. Соның ішінде он астық жинайтын және бір картоп жинайтын комбайн бар. Алдағы астық жинау науқанында 2134 комбайн мен өнімді тасымалдайтын 2593 жүк көлігі жұмыс істейді. Дәнді-дақылдар егілген 676,6 мың гектарды ескерсек, бір комбайнның үлесіне 332 гектар келеді. Ең көп жүктеме Шарбақты, Ақтоғай және Качир аудандарында. Мұнда бір комбайнға 400-ден аса гектар жер келеді. Облыста 470 тонналық 10 элеватор бар. Сонымен қатар, көкөністерді сақтайтын 255 тонналық 109 қойма бар», —  дедіТөлеген Көшербаев.  

Ведомство басшылығының сөзіне сүйенсек, Павлодар облысында астық жинау науқаны 18 күннің ішінде өтуі тиіс. Бүгінгі күні Железин, Ақтоғай, Успен және Шарбақты аудандарында астық жинау науқаны басталып, 1500 гектар жерде шөп шабылған. Жалпы өнім 610 тоннаны құрады. Орташа есеппен гектардан 15,3 центнер өнім шықты. Ең көп шығымдылық Железин ауданында бір гектардан 24 центнер өнім алынып, 470 тонна азық жиналған. Бұдан басқа, Ақсу ауылдық аймағы мен Павлодар ауданында ерте шығатын көкөністер мен картопты жинау басталған.

Айта кетерлігі, комбайндардың 68 пайызы осыдан 16 жыл бұрын сатып алынған. Сондықтан Ертіс, Железин және Успен аудандарында астық жинау уақыты созылуы мүмкін. Алдағы қысқа мал азығынан 893 мың тонна шөп, 209 мың тонна сабан, 111 мың тонна сүрлем дайындау керек. Бүгінгі күні 288 мың гектар шабылып, 105 мың тонна жем әзірленген. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0